Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылысшы жігіт 5 сағат 26 минут бойы қошқар көтерді

29.05.2023, 17:00 304

HALYQLINE.KZ

Азамат Мақұлбеков қошқар көтеруден жаңа рекорд орнатып, ресми түрде Қазақстан рекордтар кітабына (КИнЭС) енді. Ол 40 келі болатын қошқарды 5 сағат 26 минутта 3555 рет көтерген.

Арыс қаласының 37 жастағы тұрғыны Азамат Нұрғалиұлы құрылыс саласында қызмет етеді. Спорттың бірнеше түрімен айналысады. Қошқар көтеру сайысына қызығушылығы 2018 жылдан басталып, сол уақыттан бері шұғылданып келеді. Айтуынша, Қазақстан бойынша соңғы рекорд Алматы қаласында тіркелген. Ол кезде қатысушылардың бірі қошқарды 2019 рет көтерген. Бұл рекордты жаңартқан батыр енді әлемдік деңгейдегі сайыстарда бақ сынауды жоспарлауда. Шетелдерде өтетін алыптар сайысына әзірленетінін айтып, 5 мың рет муляж көтеру арқылы халықаралық деңгейде Гинесс рекордтар кітабына енуді көздеуде.

28 мамыр күні өткен шараға Қазақстан рекордтар кітабының (КИнЭС) құрылтайшысы Бақытжан Тастүлеков арнайы қатысты. Ол Нұрғалиұлына Қазақстан рекордтар кітабының кейіпкеріне енгені жөнінде куәлік табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: