Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өсімдіктер неге қайғырды?

25.05.2023, 9:00 496

HALYQLINE.KZ

Бірде бағбан бақшасына барса, бүкіл тал, өсімдіктер солып жатыр екен.

Емен ағаш «мен қарағайдай биік емеспін» деп қайғырыпты.

Емен «жүзім секілді шырынды жеміс бере алмаймын» деп мұңайыпты.

Жүзімге барса, ол «раушан гүл секілді гүлдей алмаймын» деп шағымданыпты.

Раушан гүл «емен секілді мықты емеспін» деп мұңайыпты.

Осылайша бүкіл бақ көңілсіз күндерін өткізіп жатады. Бақшада тек бір ғана гүл жайқалып ашылып тұр екен. Бағбан қасына жақындап:

– Сен мына түңіренген бақшада қалайша жайқалып гүлдеп тұрсың? – деп сұрайды.

– Білмеймін. Бәлкім бағбан мені отырғызса, демек бақшада менің болғанымды қалаған шығар. Егер, ол басқа да емен мен қарағай болсын десе, оларды да отырғызар еді. Сондықтан мен мүмкіндігінше жайқалып өсуге тырыстым.

Бұл әңгімені естіген аралар бақшадағы әр гүлге қонып, естігенін таратыпты. Бұдан кейін бақша жайнап, жадырап, содан соң ешкім қайғырып мұңаймайтын болыпты.

Бұдан шығатын қорытынды: өмірге келген әр тұлғаның өзіндік орны бар. Әрқайсысы маңызды.

Амангелді  МЕЙРАМБЕКҰЛЫ,

психолог.

Алматы  қаласы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: