HALYQLINE.KZ АҚШ-тың Монтана штатының губернаторы Грег Джанфорте ТикТок әлеуметтік желісіне тыйым салу туралы заңға қол қойды.
Джанфорте Қытай Коммунистік партиясынан тұрғындардың жеке деректерін қорғау үшін штатта TikTok-қа тыйым салғанын айтты. Оның пікірінше, TikTok ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.
Губернатор штаттағы деректерді «шетелдік қарсыластарға» жіберетін кез келген қосымшаны бұғаттау туралы бұйрық шығарғанын айтты.
Бұған дейін АҚШ-та ТикТок туралы қызу талқы болып, оны мемлекеттік қызметерлердің қолдануын шектеу туралы мәселе көтерілген.
Монтана аталған мобильді қосымшаға тыйым салған АҚШ-тың алғашқы штаты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!