HALYQLINE.KZ –| Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы (Осы уақытқа дейінгіні айтады – ред.) тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды.
Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды.
Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет.
Барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды.
Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың
мәлімдемесінен (27.04.2020) үзінді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!