11.05.2023 жылы жергілікті уақытпен сағат 9:15 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінің №1 БӨБ-інде реннтген аппараты арқылы сырттан келген азаматшаның сөмкесін тексеру барысында, күдікті зат бар екені байқалды.
Аппаратты басқарып тұрған бақылаушысы, әділет аға сержанты Жампоз Ғалымжанның қырағылығының нәтижиесінде, ішке алып өтуге тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алды кесіліп, құқықбұзушылыққа жол берілмеді.
Бекет бақылаушылары лезде РжКБ қызметкерлерін шақырып, әкелінген сәлем-сауқаттары арасындағы кір сабынды бөліп қарау барысында 1-дана «Nokia mini» маркалы телефоны мен 3 дана сим картасы табылды.
Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ болған тұлға 2004 жылы туған азаматша екені анықталды.
Бұл жас қыз ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен айыпталып, мекеме қамауында отырған, 2002 жылы туған Д. есімді азаматтың қарындасы болып шықты.
Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!