HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында коронавирус инфекциясынан жазылған науқастардың саны 98 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған ауданының тұрғындары.
26 сәуір 12:45-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 18 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 2, Шиеліде – 10, Сырдария – 5, Жаңақорғанда – 1 науқас қауіпті індеттен айыққан.
Осылайша, коронавирустан жазылғандар саны өңірде 98 адамға жетіп отыр. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласында – 12, Арал ауданында – 2, Қармақшы ауданында – 4, Сырдария ауданында – 12, Шиелі ауданында – 51, Жаңақорған ауданында – 17 адам осы індеттен емделіп, үйіне қайтқан. Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!