Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «Борышкер» іс-шарасы басталды

19.04.2023, 9:50 322

HALYQLINE.KZ Осы жылдың сәуір айының 18-25 аралығында облыс көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 (отыз) тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.

Іс-шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция және Әкімшлік полиция басқармасының қызметкерлері сот орындаушылармен бірлесіп борышкерлерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылуда. Сот орындаушыларына түскен әкімшілік істер бойынша бүгін де біршама шектеу жұмыстары жүргізіледі, яғни шет елдерге шығуға шектеу қою, жеке шоттарына, мүліктеріне шектеу қою сияқты. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.

Тұрғындардың назарына! Айыппұлдарыңыз бойынша қосымша мәліметтерді Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика бөлімінен (мекенжай: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы №22 ғимаратынан) біле аласыздар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: