Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқу орындарының лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарылды

17.04.2023, 18:25 625

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының прокуратурасы білім беру ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізу барысында бюджет қаражатын иемдену және ысырап ету фактілерін анықтады.

Мәселен, Қызылорда қаласындағы орта мектептердің бірінің бухгалтері 2021 жылы 12,6 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты иемденген. Аталған есепшіге қатысты облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді (аса ірі мөлшерде жасалған басқа біреудің мүлкін иемдену немесе жымқыру, яғни ұрлау) және іс сотқа жолданды. Қызылорда қаласындағы №2 сотының 20.01.2023 жылғы үкімімен бухгалтер кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды (5 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып).

Осыған ұқсас факт Қызылорда қаласындағы колледждердің бірінде болды, онда сабаққа қатыспаған және семестр қорытындысы бойынша қанағаттанарлық баға алған студенттерге стипендия аудару фактілері анықталды. Осы факті бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Сараптама қорытындысы бойынша залал 17,4 млн теңгені құрады.

Қызылорда қаласының №2 сотының 09.03.2023 жылғы үкімімен колледж директоры Қылмыстық кодекстің 371-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды (немқұрайдылық).

Қызылорда облысы прокуратурасымен бюджет қаражатын игеру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.

Қызылорда  облысының  прокуратурасы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: