Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал теңізіне соңғы 3 айда 1 миллиард текше метрден аса су құйған

16.03.2023, 16:10 274

HALYQLINE.KZ Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов жауапты сала мамандарымен бірге дария ахуалын бағамдады. Бүгінде сең жүру толықтай өтті. Елді мекендер мен қорғаныс бөгеттеріне қауіп жоқ. Аудандағы көлдер жүйесіне су жіберілуде. Қазіргі кезде дария бойындағы ахуал тұрақты.

Айта кетейік, соңғы 3 ай ішінде Арал теңізіне 1 млрд. 34 млн текше метр су түскен. Ал бүгін «Ақлақ» су өткізгішінен теңізге секундына 232 текше метр су жіберілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: