HALYQLINE.KZ Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің бақылаушылары тыйым салынған заттың ішкі аймаққа өтіп кетпеуінің алдын алды.
Сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесінің қызметкерлері күйеуіне сотталған (262-266-бап) Б-ға келген азаматша К-ның азық-түлік тапсыруын тексеру барысында айран құтысының ішінен 1 дана телефон және екі дана Beeline сим картасы тәркіленді.
Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.
– Біздің қызметкерлер тағы да кәсіби шеберліктерін көрсетті. Бұл бірінші рет емес. Бүгінге дейін мемлекетіміздің игілігі үшін адал қызмет етіп келе жатқан қызметкерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамын. Қырағылық пен сақтық – бақылаушыларымыздың басты қасиеті, – дейді, мекеме басшысының міндетін атқарушы, әділет капитаны Темірбек Азамат.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!