Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгінгі сатира: «Сөйтем, бүйтем!»

05.03.2023, 22:30 439


HALYQLINE.KZ Мәжіліс депутаттығына тіркелген кандидат Мақтанбай Уәдебайұлы сайлаушылары алдында тұр.

– Депутат болсаңыз, халықтың жағдайы жақсара ма? – деп сұрады біреу.

– Иә, сөйтем, бүйтем, сөйтем, бүйтем! Сөйткенде сондай болады, бүйтсем, сондай болады, сөйтемін, бүйтемін.. Сөйте беремін, бүйте беремін.

– Кешіріңіз, депутат болып кетсеңіз, неден бастайсыз?

– Сөйтуден бастаймын, бүйтуден бастаймын, сөйтем, бүйтем, сөйтем, бүйтем, сөй… сөйтем..

– Әшейін уәде болып қалмай ма? – деп сұрады тағы біреу.

– Оо, сөйтем ғой, бүйтем ғой, сөйтем, бүйтем, сөйтем, бүйтем.

– Жаңа Қазақстан қандай болады?

– Сондай болады, мұндай болады, сондай болады, мұндай болады, сондай болады, мұндай болады!

– Ұлтын сүйген кандидаттарды аяқтан шалу неге жалғасып жатыр?

– Олар сөйте алмайды, олар бүйте алмайды, сөйте алмайды, бүйте алмайды, сөйте алмайды…

– Ауылға газ, су келе ме?

– Сөйтіледі, бүйтіледі, сөйтіледі, бүйтіледі, сөйтіледі, бүйтіледі…

– Жемқорлар тиыла ма?

– Сөйтіп жібереміз, бүйтіп жібереміз, сөйтіп жібереміз, бүйтіп жіберміз! Сөй… сөй…
Халық тарады. Бір-біріне қарады. Олар да: – «Сөйтеді екен, бүйтеді екен, сөйтеді екен, бүйтеді екен!» – деп сыбырласып бара жатты. Иә, сөйтеді екен, бүйтеді екен, сөйтеді екен, бүйтеді екен!

Мұхтар ШЕРІМ,

сатирик

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: