HALYQLINE.KZ 1 наурыз күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда облысы ПД табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары және «Арал-Сырдарья» балық шаруашылық инспекциясы, «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп Шиелі ауданында Сырдарья өзенінде резеңке қайықпен заңсыз балық аулаған 35-32 жастағы екі аудан тұрғыны анықталды.
Оқиға орнында шаңышқы құралына оралған тоқ сымдары, аккумулятор, ау, резеңке қайығы алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен (заңсыз балық аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ұсталғандар полиция бөліміне жеткізілді және олардан ІІО-ға келу туралы міндеттеме алынды.
Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!