Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екі қызылордалық заңсыз балық аулағаны үшін ұсталды

03.03.2023, 10:00 151

 
HALYQLINE.KZ 1 наурыз күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда облысы ПД табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары және «Арал-Сырдарья» балық шаруашылық инспекциясы, «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп Шиелі ауданында Сырдарья өзенінде резеңке қайықпен заңсыз балық аулаған 35-32 жастағы екі аудан тұрғыны анықталды.  

Оқиға орнында шаңышқы құралына оралған тоқ сымдары, аккумулятор, ау, резеңке қайығы алынды.

Аталған дерек бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен (заңсыз балық аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ұсталғандар полиция бөліміне жеткізілді және олардан ІІО-ға келу туралы міндеттеме алынды.

  Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: