Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Игі бастамалардың жемісі

02.03.2023, 10:50 204

HALYQLINE.KZ Сыр өңірінде туған жерді түлетуге, игі бастамаларға ниетті азаматтар қатары артып келді. Былтыр еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен өткен «Балалар жылында» демеушілердің 1,6 млрд теңгеге 80 спорт-ойын алаңын салып, балдырғандарға тарту етуін, Жаңақорған ауданында құны 790 млн теңге болатын заманауи демалыс паркі ашылуын жұртшылық қуанышпен қабылдады. Түркістан облысымен шектесетін тұстағы кіреберіс қақпа, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылындағы «Еңбекшілер паркі» кәсіпкерлердің демеушілігімен салынды. Облыстық қоғамдық кеңес отырысында сөйлеген сөзінде облыс әкімі Н.Нәлібаев бастамашылдықпен қолға алынған жобаларға тоқталды.

«Белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құны 1,5 млрд теңге «Анаға тағзым» орталығының құрылысы жүргізілуде. Орталық алдағы маусым айында пайдалануға беріледі. Арал ауданындағы апатты деп танылған Тоқабай ауылындағы мектеп жеке инвестор есебінен 500 млн теңгеге қайта салынуда. Оны тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Болат Өтемұратовтың Қорының қолдауымен құны 12 млрд теңге болатын «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы салынуда. 2024 жылы пайдалануға береміз. Демеушілердің көмегімен 100 млн теңгеге қазіргі қолданыстағы терминалға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 7 мың адамға арналған «Қайсар» футбол командасының жаңа стадионы бой көтереді. Жаңа стадион құрылысын «Саутс Ойл» компаниясы жүзеге асырады деп жоспарлануда. Сол жағалауда инвестор қаржысына жыл аяғына дейін құны 800 млн теңгені құрайтын жаңа автовокзал салуды жоспарлап отырмыз. «ҚазГерМұнай» ұлттық компаниясы басшылығымен келісім нәтижесінде Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» жобасы басталады», – деді облыс әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: