Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көптен күткен кездесу

02.03.2023, 9:50 588

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша тергеу изоляторының №68 мекемесінде ашық есік күні өтті. Шаруашылық қызметіне қалдырылған жазасын өтеп жатқан сотталғандарға туыстарымен, жақындарымен кездесуге рұқсат берілді.

Сотталғандармен болған бұл кездесуге 20 туысы келді. Олардың ішінде аналары, әкелері, әйелдері, ағалары, апалары мен балалары да бар.

Алғашқы бақылап өткізу бекетінің қызметкерлері, келушілерді алдымен бақылау және қауіпсіздік шараларына байланысты бірқатар қажетті тексерістен өткізіп, мекеме аумағына кіргізді. Одан соң, ашық есік күні шаруашылық жасағының сотталғандарының тұрғын үйлерін аралаумен жалғасты. Мұнда келген қонақтар қамаудағы туыстарының тұрмыс жағдайын өз көзімен көрді.

Ыңғайлы атмосфераны тудырған жатаханада сотталғандар жақындарымен әңгімелесіп, үй шаруасындағы соңғы жаңалықтарды біліп, болашаққа бірлескен жоспарын белгіледі.

– Әрине, мен ұлымды ақтамаймын. Ол жастықпен қылмыс жасады. Қылмысының жазасында өтеп жатыр. Перзентім үшін жүрегім ауырды. Бірақ бүгін оның сау, жақсы жағдайда тұратынын, мұнда оны жақсы тамақтандыратынын көріп, көңлім орнына толды. Әлі бір жарым жылы бар. Баламның бұдан кейін қайта бұзақылық жасамайтынына сенімдімін, – деді кездесуге келген сотталушының анасы.

Сотталғандардың туыстары кетерінде қоғамдық-пайдалы байланысты нығайту үшін жасалынған ашық есік күнінің маңыздылығын атап өтіп, мекеме әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: