Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықпен кездесу жалғасын тапты

27.02.2023, 17:50 513

HALYQLINE.KZ Өткен аптаның аяғында аудан әкімінің тұрғындармен кездесулері Талаптан, Бәйгеқұм, Жөлек, Ортақшыл, Иіркөл, Жаңатұрмыс, Бәйтерек, Қарғалы ауылдық округтерінде жалғасты. Кездесуге құқық қорғау саласының басшылары, дербес бөлімдер мен коммуналдық сала басшылары қатысты.

Кездесулер барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан 3 ай бұрын көтерілген мәселелерге тоқталып, олардың шешілу барысын баяндады. Содан соң өзге де сауалдар қойылып, аудан әкімі аталған мәселелердің бақылауға алынатынын жеткізді. Мәселен, Қарғалы ауылдық округінде өткен кездесуде тұрғындар қоғамдық көліктің қозғалысын реттеуді сұрап, бұл бойынша аудан басшысы жан-жақты жұмыстар атқарылып жатқандығын, ойға алынған жоба іске асса қоғамдық көлік иелеріне субсидия төлеу арқылы, оның үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етуге болатынын айтты.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: