Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімінің орынбасары білім беру нысандарын аралады

27.02.2023, 10:30 262

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы аясында өңірде 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 білім ошағы бой көтереді. Атап айтсақ, Қызылорда қаласында – 8, Арал ауданында – 4, Қазалыда – 2, Қармақшыда – 2 және Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған ауданындарында бір мектептен салынады. Соның ішінде 10 мектептің құрылысы биыл басталмақ.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов КБИ мөлтек ауданында болып, жаңадан салынатын білім нысанының орнын көрді. Сол маңда тұратын тұрғындармен кездесті. 600 орындық мектептің құрылысы биыл басталатынын, алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты.

«Жайлы мектептің» ерекшелігі – бастауыш және жоғары сынып оқушылары ғимараттың жекелеген блоктарында оқиды. Сәйкесінше, олардың өз оқу кабинеттері, әжетханалары, спортзалдары болады. Сондай-ақ бейнебақылау, дыбыстық дабыл сияқты қауіпсіздік құрылғылары орнатылады. Физика, химия, биология, робототехника заманауи кабинеттерімен қамтамасыз етіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: