Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Футболшы жер сілкінісінен бірнеше сағат бұрын Түркиядан кетуі керек болған

21.02.2023, 18:25 545

HALYQLINE.KZ  Ганалық футболшы, «Хатайспора» командасының ойыншысы Кристиан Атсу жер сілкінісінің алдында Түркиядан кетуі керек болған екен. Алайда соңғы сәтте ойынан айнып қалған.

Кристиан Атсу 5 ақпанда кешке, жер сілкінісінен бірнеше сағат бұрын отанына кетуі керек болған. Бірақ соңғы сәтте жоспарынан айнып қалыпты.

«Газиантепке» қарсы ойнаған жоқ, бірақ 5 ақпанда «Касымпашиге» қарсы ойнап, айып алаңынан жеңіс голын соқты. Негізі ол отбасымен жолыққысы келген. Тіпті, билет те сатып алған. Дегенмен гол салған соң сапарға шықпайтынын айтқан. Кешкі 23:00-де ұшып кетуі керек еді, ал жер сілкінісі келесі күні таңғы 04:00-де басталды», – деді «Хатайспора» командасының менеджерлерінің бірі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: