Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері

11.02.2023, 11:00 955

1) Мұғалімі қандай болса, мектебі де сондай болмақ.

2) Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

3) Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

4) Сөздің ең ұлысы – тарих.

5) Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!

6) Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.

7) Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!

8) Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

9) Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

10) Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.

11) Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.

12) Мектептің жаны – мұғалім. Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.

13) Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.

14) Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.

15) Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.

16) Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.

17) Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.

18) Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.

19) Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.

20) Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: