HALYQLINE.KZ Кеше Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан егін егу үшін жер телімін беру, тұрақты жұмыспен қамту, үй кезегі, науқас баланың ем-домына кәсіпкерлердің көмегімен қолдау көрсету сынды бірқатар мәселелер қозғалды.
Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың тарапынан айтылған мәселелердiң заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, тұрғындар мәселесіне қатысты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!