Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақты шешіндірген суретші

20.01.2023, 9:20 786

HALYQLINE.KZ

Қазақ бейнелеу өнері туралы сөз қозғағанда Николай Хлудов туралы айтпай өте алмаймыз. Орлов губерниясында 1850 жылы дүниеге келіп, 1935 жылы Алматыда өлген Хлудов – суретші, портретші, пейзажшы, икона салушы, Іле Алатауынын табиғаты мен адамдар өмірін салған белгілі суретші.

1921 жылы Алматыда студия ашып, дарынды қазақ пен қырғыз балаларын сурет салуға оқытады. Сол студияны болашақ Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеев бітірді.

2010 жылы мемлекеттік орталық мұражайда «Н.Г.Хлудов залы» ашылды.

Өз басым Хлудовтың қазақ әйелдерін шешіндіріп салған суретін о бастан жақтырмайтын едім, соны айтатын кез келді. «Сәбиін емізіп отырған ана» және «Қол дирмен» деген суретінде қазақ әйелінің жыртық киімінен емшегі шығып тұр және қасындағы екі қыз баланы жалаңаш бейнелеген. «Түйені шешу» мен «Жүн сабау» суретінде тіпті қазақ әйелдерін беліне дейін жалаңаштандырып салған. Бала кезімізде туылдырықтың үстіне қой жүнін сабаумен сабаған әжелер мен апаларды көрдім. Жүн сабағанда шешініп тастау қазақ менталитетіне жат нәрсе, суретші болмаған детальды қосқан.

Ал, «Сарқырама» деген картинасында қызын суға түсіп алғанша қорып отырған әжесі ұршық иіріп отырғанын салған. Қызының жалаңаш денесін ешкім көрмесін деп отырған әжесі, орыс суретшісіне сол тұрысын салғыза ма? Осыдан-ақ сурет ойдан салынғаны көрініп тұр.

Бақытжан  Абдуллаұлы,

тарихшы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: