Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада лаундж-бардың біріндегі жанжал атыспен аяқталды

12.01.2023, 9:25 316

HALYQLINE.KZ

10 қаңтарда сағат 01:30-да Қызылордадағы лаундж-бардың бірінде екі тұрғын арасында жанжал болған. Оның бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Қызылорда полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Асылбек Бексейітовтің сөзінше, кезекші қызметкерлер күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстаған. Дәлелдер алынған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр».

Cурет: polisia.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: