Нашақорлық… Нашақорлық қазіргі заман дерті. Бұл дерт біздің елімізде де қарқын алған. Есірткінің кесірінен қаншама адамдардың тағдыры қараңғы түнекке айналды, мыңдаған отбасының іргесі сөгілді. Есірткі күннен-күнге адамды өзіне тәуелдей бастайды. Бұл сені отбасыңнан, жақындарың, ата-анаңнан, бар абыройыңнан айырады.
- Бүгінде, Қазақстанда ресми дерек бойынша, есірткі тұтынушы ретінде тіркелген 48 мың адам есепте тұр. Алайда, ресми емес дерек көздері бойынша олардың саны 350 мыңнан асып жығылады дейді мамандар. Сондай-ақ, есірткіге тәуелділердің 27 пайызы 12-16 жасөспірімдерді құраса, 42%-нан астамы 17-26 жас арасындағы жастар.
Жарқын болашақты қаласақ, өзімізге зиян келетін нәрселерден аулақ болғанымыз жөн. «Бір-ақ рет» татып көремін деген секілді сөздер өміріңді түгелдей құртады. Сондықтан нашақорлықсыз, болашақты бірге құрайық. Бұл дертті «жоқ» деп айту арқылы жеңеміз. Күшіміз бірлікте!!!
Ақжібек Дербісалы
№282 мектеп-лицейінің
9-сынып оқушысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!