Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент: «Үкіметті кадрлық өзгерістер күтіп тұр»

29.12.2022, 13:20 354

HALYQLINE.KZ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдан бастап Үкіметте кадрлық өзгерістер болатынын айтты.

«Мен жақында өткен Үкімет отырысында бұл мәселе бойынша нақты айттым. Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша Үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзету үшін әрекеттерін қолдануда, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасамақшымын. Жалпы, Үкіметтің алдында тұрған мақсаттар – өте ауқымды және өзекті», – деді Президент бүгінгі Сенат отырысында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: