Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сыр елінде тәуелсіз ақпараттар понорамасын құрадық»

04.12.2022, 12:00 547

– Шерағаң (Шерхан Мұртаза – Р.Ж.) қайт­қанда «Бір кем дүние – осы» деген мақала жазған едім. Сонда «Шерхан төрағалықтан кетті деп «Қазақстан» «Шарайнасын» тоқтатса да, Шерхан­ өмірден өтті екен деп «Қоғам ТВ» эфирі­нен алып тастай қоймас…» деген бір сөйлем бар болатын. Жалпы, «Шарайнаның»  өткен тарихы мен алдағы жоспары  туралы  білгіміз  келеді.

– Біз «Қызылорда қоғамдық теледидарын» ашқан уақытта «ақпараттық бағдарламаны қалай деп атаймыз?» деген ойға келдік. Ол кезд­е Шерхан ағамның «Шарайнасы» эфирден әлдеқаш­ан кеткен, өзі депутат еді. Сол бағдарламада нағыз шындық айтылды ғой. Тіпті, оған өзімнің де қатысқанымды мақтан тұтамын! Мен ол уақытта «Байқоңыр» телекомпаниясының төрағасы бола отырып, осы аймақтағы мәселелерді алғашқылардың бірі боп көтергенмін. Сөйттім де, сол кездегі қала әкіміне, орынбасарына «бағдарлама атауын «Шарайна» деп қояйық»  дедім.

– Шерхан ағаңның бағдарламасы еді ғой, қалай  болар  екен?

– Ол бағдарлама эфирде қалуы керек ғой…

Бір күні тәуекел еттім де, Шерхан ағама хабарл­астым. «Шерхан аға, осылай да осылай телеарна құрылып жатыр. Сіз бен біз қазақ теледи­дарының ең бір кемелденген, гүлденген кезінде жұмыс істеп едік. Сол есте қалсын, сол сәт қайтадан тусын деген ниетпен ақпараттық бағдарламамызды «Шарайна» деп атасам қалай болады, сізден рұқсат сұрайын деп едім» дегенде, «айналайын Шаһизадажан-ау, менен рұқсат, Алладан рұқсат! Шаһизада, шақылдат!» деп, батасын­ берді. Біз сол уақыттан бері «Шарайнаны» әлі күнге дейін эфирден түсірмей келе жатырмыз. Ақпараттық бағдарламада осы қоғамдағы, біздің өңірде қозғалмаған тақырып қалмады ғой деймін. Ақпаратқа қатысты әртүрлі формалар бар, студияға адам шақыру, түсініктеме алу, барлығын жасадық.

Амандық болса, бұл бағдарламаның әлде де болашағы бар деп ойлаймын. «Қоғам ТВ»-ның құрылғанына 23 жыл (сұхбат 2020 жылы алынды – ред.) болыпты. Медиакеңіс­тігіндегі электронды ақпарат құралдарының қатарындамыз.

Қызылордадағы ең бірінші тәуелсіз ақпарат құралы болып «Ақмешіт апталығы» ашылды. Мұны журналист Әділхан Бәймен ашты. Бізбен тетелес болып «Халық», «Ақмешіт ақшамы» газеттер­і жарыққа шықты. Осы күнге дейін аталға­н газеттердің өз оқырманы бар, соған қуанамын. Сол екі аралықта біршама газет ашылып­, қайта жабылды. Ал, жаңағы газеттер өзінің  шабысынан да, табысынан да айырыл­ған  жоқ. «Қоғам ТВ» солардың қатарынд­а. Біз бірігіп тәуелсіз ақпараттар понора­масын  құрадық.

Ақын, журналист Шаһизада Әбдікәрімовпен сұхбаттан үзінді.

Сұхбаттың толық нұсқасы:

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: