HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысының әкімдігі коронавируске қатысты жедел әрі нақты ақпарат тарату мақсатында «400-100.kz» ресми сайтын іске қосты.
Бұл ресурста облыс аумағындағы коронавируске қатысты күнделікті статистика, аудандар бөлінісіндегі деректер, брифингтер, нормативтік-құқықтық актілер, жедел желі телефондары, жаңалықтар орналастырылады.
Сонымен қатар, аурудың алдын алу, белгілері, инфографикалар, суреттер форматындағы тәртіп ережелері және басқа да пайдалы ақпарат жарияланады.
Сондай-ақ, блок-посттардан өтуге арналған өтінім үлгілерін осы жерден алуға болады. Сіздерден тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!