Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда мен Аралда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген күдікпен бір топ адам ұсталды

09.11.2022, 9:50 523

HALYQLINE.KZ

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметі ресми сайтында хабарлады.

ҰҚК-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұзақ уақыт жедел зерделеуден кейін 2022 жылғы 18 қазанда Қызылорда және Арал қалаларында «А» арнайы мақсаттағы қызметті жұмылдырумен және прокуратураның қатысуымен іске асырылған арнайы операция барысында өңірлік ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 қатысушысы ұсталды.

«Топтың әр мүшесінің өзіне жүктелген міндетіне қарай нақты құрылымы қалыптасқан. Қажетті шешімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын «жиналыстарда» қабылдап тұрған.

Ұсталғандардың қатарында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар. 

Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша қарудың бірнеше түрі, «ұрылар кассасының» сметасы, есірткі заттары, сонымен қатар тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар мен құжаттар алынды» дейді ҰҚК өкілдері.

Қолға түскендер қылмыстық топ құру, басқару және қаражаттандыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

Осылайша ұйымдасқан қылмыстың Қазақстандағы позицияларының және елдегі қылмыстық ахуалға әсерін күшейту бойынша жоспарлары бұғаттады.

Трансұлттық қылмыстан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: