HALYQLINE.KZ Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнінде уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі таныстырылды. Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған сала басшысының қызметіне сәттілік тіледі.
– Өздеріңізге белгілі, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үстіміздегі жылдың 5 қарашасында «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңға қол қойды. Осыған сәйкес республика бойынша барлық өңірлерге жаңадан Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі деген арнайы лауазым енгізілді. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімімен Қызылорда облысы бойынша Уәкілдің өкілі болып Шәріпбаев Дәурен Сақтапбергенұлы тағайындалды. Дәурен Сақтапбергенұлы, өңірімізде адам құқықтарын қорғау, адам өмірінің қауіпсіздігі, бостандығы мен ар-ожданын сақтау және дамытуды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды өз деңгейінде үйлестіреді деген сеніміз мол, – деді Н.Нәлібаев.
Дәурен Шәріпбаев 1977 жылы Семей облысында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келген. Жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Заңгер» және Азаматтық авиация академиясын «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Семей облысы Шар ауданындағы Калинин атындағы мектебінің тарих пәні мұғалімі болып бастаған. 1996-1999 жылдары Семей облысы Шар аудандық сотының хатшысы, сот орындаушысы;
2001-2004 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы прокурорының аға көмекшісі;
2005-2010 жылдары Павлодар облысы Баянауыл аудандық сотының төрағасы, адвокаттар алқасының мүшесі қызметтерін атқарған;
2010-2020 жылдары кәсіпкерлік, өндіріс кәсіпорындарында басшылық қызметтерде еңбек етті. 2020-2022 жылдары «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының заң мәселелері жөніндегі консультанты және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «KazAID» (КазАЙД) қазақстандық даму агенттігі акционерлік қоғамының бас заңгері лауазымдарын атқарған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!