Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жолсерік қауіпті індетті жұқтырған

16.04.2020, 10:11 1040

HALYQLINE.KZ –| Қазалы ауданында пойыз жолсерігі қауіпті індет жұқтырды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов Қызылордада науқастар саны соңғы тәулікте 8 адаммен толығып, 132-ге жеткенін мәлімдеді.

Оның ішінде Қызылорда қаласында – 18, Жаңақорғанда – 20, Арал – 4, Сырдарияда – 25, Қармақшыда – 4, Шиелі – 59, Қазалыда 2 дерек. Инфекция жұқтырғандардың арасында 13 медицина қызметкері бар. 

– Жаңадан анықталған жағдайлар бойынша Қызылорда қаласында – 6, Қазалыда – 1, Жаңақорғанда – 1 жағдай. Жаңақорған және Қазалы ауданынан тіркелгендер карантинде болған. Ал Қызылорда қаласынан тіркелгендердің кімдермен қарым-қатынаста болғаны анықталып жатыр, – деді басқарма басшысы.

Науқастардың жағдайы бірқалыпты, хаттамаға сәйкес ем алуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: