HALYQLINE.KZ Бүгін Дүниежүзілік банк өкілдері Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен бірге жұмыс сапарымен Арал ауданында болды. Аудан әкімі С.Сермағамбетов банк өкілдері мен жұмысшы топ мүшелерін қабылдады.
Аудан басшысы Арал теңізінің қазіргі ахуалы туралы баяндап, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті. Өткен жылы «Ақшатау-Қамыстыбас» көлдер жүйесін суландыру мақсатында Бұрмақұлақ арнасы мен «Аспай» су ағытқысының іске қосылуының оң нәтиже бергендігіне тоқталды.
Бұдан бөлек жиында Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтауға арналған бағдарламаның тиімді тұстары талқыланып, мамандар арнайы зерделеу жұмыстарын жүргізетіндіктерін жеткізді. Сонымен бірге ауданға келудегі негізгі мақсаттары бағдарламаның екінші кезеңіне толықтырулар енгізу бойынша эксперттік зерттеу жұмыстарын жүргізу екеніндігін жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!