Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Путин Ресейде ішінара әскери мобилизация жариялады

21.09.2022, 15:05 400

HALYQLINE.KZ

Владимир Путин Ресей азаматтары ішінара әскерге алынатынын хабарлады. «Бұл туралы жарлыққа қол қойылды» деді ол бүгін таңертең Ресей халқына арнаған үндеуінде.

Путиннің сөзінше, әскер қатарына тек запаста тұрған, әскери білімі мен тәжірибесі бар азаматтар алынады, мобилизация 21 қыркүйектен, яғни бүгіннен басталады.

Ресейде екінші дүниежүзілік соғыстан бері ішінара әскерге алу шарасы болмаған.

Путин ішінара әскерге алу туралы мәлімдемені Украинаның шығысындағы Херсон облысы мен Запарожье облысының бір бөлігіндегі ресейшіл сепаратистердің Ресейге қосылу туралы референдум өткізер күнді белгілеген соң жасап отыр. «Референдум» 23-27 қыркүйекте өтуі мүмкін. Украина мұндай «референдумды» мойындамайтынын бірнеше рет қайталаған.

Путин халыққа үндеуінде «Ресей референдум қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолынан келгеннің бәрі жасайды», «Батыс әбден шектен шықты. Жауапсыз саясаткерлер Ресейге шабуыл жасау үшін Украинаға қажетті қару беруге шақырып жатыр» деп мәлімдеді.

Кеше, 20 қыркүйекте, Ресей мемлекеттік думасы Қылмыстық кодекске «мобилизация», «соғыс жағдайы», «соғыс уақыты» деген ұғымдарды жылдамдатып енгізген. Украинаның Харьков қаласы маңындағы жеңілістерінен кейін Ресейде жаппай әскерге алу туралы сөз көбейе бастаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: