Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

13.09.2022, 18:00 391

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының 2022 жылғы 13 қыркүйегіндегі №02-05/93 бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары лауазымына Қамбаров Артур Раушанбекұлы тағайындалды.

Артур Раушанбекұлы 1985 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.

2002-2006 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері», 2009-2011 жылдары Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде инспектор ретінде бастаған.

2007 жылдың шілдесінде аталған мекемеде алғаш мемлекеттік қызметке қабылданып, 2013 жылға дейін маман, әскери есеп столының жетекші маманы, бас маман статист болып қызмет атқарған.

2013-2015 жылдары «Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман-заңгер қызметін атқарған.

2015 жылдың қарашасында «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып жұмысқа қабылданып, 2021 жылдың маусымына дейін үздіксіз осы басқарманың Дін істері бөлімінің бас маманы, Ақпараттық саясат және БАҚ бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, БАҚ және интернет ресурстарымен жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

2021 жылдың 01 маусымынан 2022 жылдың 22 тамызына дейін «Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы;

2022 жылдың 23 тамызынан бүгінгі күнге дейін «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының дін істері бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: