Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдегі ең әдемі ауыл

07.09.2022, 10:00 715

Еуропадағы Австралия елінде шап-шағын Гальштат деген ертегідей, табиғаты сұлу да кербез ауыл бар. Бұл мекенді көптеген бұқаралық ақпарат құралдары әлемдегі ең ғажап ауыл деп таныған. Гальштат ауылының ерекшелі орасан. Алақандай ауылға жыл сайын миллиондаған туристер табиғаттың сұлулығын тамашалау үшін келеді. Бұған қоса, Гальштат – әлемде әлеуметтік желіге ең көп суреті салынған жерлердің бірі. Сол себепті де, бұл жұмақ мекенінен саяхатшылар арылмайды.

Халқы 800-ге жуық ауыл екі тау мен өзеннің ортасында қысылып тұрғандықтан жер көлемі кішкентай. Адам жерлеуге жер тапшы. Бұрындары марқұмдардың сүйегін он жылдан соң қазып алып, шіркеуге я сүйекханаға апарып қоятын болған. Қазір крематорий арқылы жерлеу мәселесін шешіп отыр. Дәл осы Австралия ауылына қызыққан Қытай 900 млн долларға Гуандун провинциясына «китайский» Гальштатты салған. Қытайлық Гальштаттың әдемілігіне қызыққаны соншалық тура көшірмесін салды. Қазір әлемде екі Гальштат бар, бірі австралиялық, екіншісі қытайлық. Сонда да жиһанкездер көшірмесіне қарағанда, нағыз таңғажайып ауылдың өзін көргісі келеді.

Гальштат ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына енген ауыл. Бұл жер Еуропадағы ең ежелгі аймақ саналады. Гальштат жайлы мыңдаған деректер бар. 19 ғасырға дейін Гальштат ауылына тек қайық арқылы келуге болатын. Кейін Австралия билігі таулардың астын тесіп, тунел жасап, бұл жерге көлікпен келуге мүмкіндік жасап берген.

Табиғаттың бар сұлулығын өзіне жинап алған Гальштаттың бар мәселесі тек жер аумағында. Өйткені мұнда өлі адам тұрмақ, тірі жан жерге сыймай қалуы мүмкін. Ал бұл ауылдың халқы жер ауыстырғысы келмейді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: