Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

91,5 млн теңге үнемделді

13.04.2020, 17:25 410

HALYQLINE.KZ –| Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті «Ақмешіт – адалдық алаңы» арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне, атап айтқанда мемлекеттік сатып алу жоспарларында нарық бағасынан жоғары жоспарлау, жоғары бағамен сатып алу және т.б. анықтау мақсатында мониторинг жүргізуде.

Мониторинг барысында бірқатар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында сатып алынатын тауар бағасы ішінара нарық бағасынан көтеріңкі жағдайлары күмән туғызды.

Нәтижесінде, ағымдағы жылы сатып алуға жоспарланған тауарларды зерделей келе шамамен 91,5 млн теңге үнемдеуге мүмкін болды.

Сатып алу бағасын асырған мекемелерге тиісті ұсынымдар жолданып, ол бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Айта кету керек, кейбір ұсыным берілген мекеме мен ұйымдар өз жауаптарында жоспарлау барысында техникалық қателердің орын алғандығын және жоспарды қайта қарап, тиісті өзгеріс енгізгендерін немесе тиісті сатып алу рәсімдері өткізілгендігін және алдағы уақытта жоспарлы бағаның нарық бағасынан асырмау мақсатында нақты шаралар қабылдайтындықтарын жеткізіп жатады.

Мәселен, Жалағаш кенті әкімінің аппаратына қарасты №19 санаториялық – бақша мекемесі төсек жаялықтарының 1 жинағын (комплектін) 647 500 теңгеге алатынын жоспарлаған. Нәтижесінде техникалық қателіктерді өзгертіп, жоспарланған тауар санын 162-ге көбейтіп қайта өзгерткен.

Тағы мысал ретінде, айта кетсем Қазалы ауданының білім бөліміне мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспардың бөліктеріндегі эмаль бояуын алуға жоспарлаған 12,4 млн теңгеге баға ұсыныстары бойынша нарық бағасынан жоғары екендігіне ұсыным берілген болатын.

Дегенмен аталған бөлім, бұл заттарға байланысты сатып алу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 7,4 млн теңге үнемделгендігін хабарлады.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасымен жоспарланған жылдық жоспарларында компьютерлік техникаларға байланысты бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 78,5 млн теңге қаражат үнемделді.

Демек, мемлекеттік сатып алу жоспарларында нарық бағасынан аса алшақты болдырмау, сонымен қатар бөлінген қаражаттын нысаналы мақсатымен жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында осындай мониторингтердің берер үлесі зор.

Сондай-ақ, қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша тиімді жұмсалуына талдау жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу жоспарларына Сіздердің де мониторинг жұмыстарын жүргізуге шақырамыз.

Ұсыныс, пікірлеріңізді және осы бойынша ақпараттарыңызды Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 156 А мекенжайы бойынша орналасқан «Антикор орталығына», департаменттің https://www.facebook.com/antikor.kyzylorda/ парақшасына және apvo.kzo@mail.ru электронды почтасына жолдай аласыздар.

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқықбұзушылық бойынша хабарламаларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Call-орталығына хабарлай аласыз, қоңырау шалу тегін. Сіздің хабраламаңыз міндетті түрде қаралатын болады.

Марат ИСКАКОВ,

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: