HALYQLINE.KZ Жылдың басты құжаты – Президент Жолдауын тыңдаған кәсіпкерлер салаға қатысты саясаттың жаңа деңгейге шыққанын айтып, жоғары бағасын беріп жатыр.
Кәсіпкерлерге еркін жұмыс істеуі үшін не қажет? Бірінші кезекте жер телімдері мен қаржылай қолдау қолжетімді болуы тиіс. Бүгінгі Жолдауда Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуы керегін және бос жатқан жерлер туралы ақпаратты бизнес өкілдерінің білуі тиіс екенін айтты.
Кәсіпкерлер палатасы 5 жылдан бері жер телімдеріне қатысты ақпарат ашық болуы керек деген ұстаныммен жергілікті атқарушы органмен біре жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде өңірдегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы кәсіпкерлердің техникалық шарт алу қызметі жеңілдетілді. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлесе аукцион арқылы берілетін жер телімдерінің конкурсын Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткізу тәжірибесі енгізілді.
Жолдауда еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетілетіні қуантып отыр. Бұл қадам бизнес өкілдері үшін ынталандырудың жақсы көрсеткіші болмақ және көлеңкелі экономиканың да алдын алары сөзсіз.
Жолдаудың келесі жаңалығы – 2023 жылы жаңа Салық Кодексінің әзірленетіні. Соңғы кезде бізде салыққа қатысты кәсіпкерлердің шағымы көбейіп тұр. Жаңа Кодекс бюджетті толықтыру мақсатында деген желеумен кірістер органдарының кәсіпкерлік қызметіне араласу фактілерін азайтады деп үміттенеміз.
Бұдан өзге, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның жаңадан қабылданатынын, кәсіпкерлікке қатысты заңнамалық құжаттарға қайта-қайта өзгеріс енгізілмей, 2024 жылдан бастап түсінікті ережелер бекітілетінін естіп қуанып отырмыз.
Жолдауда негізгі бағыттар айқындалды. Ендігі мәселе оның сапалы орындалуы. Кәсіпкерлермен, мемлекеттік органдармен бірге осы бағытта жұмыс істейтін боламыз.
Пірмұхаммед Сыздықов,
Қызылорда облысы кәсіпкерлер
палатасының директоры
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!