Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық»

11.04.2020, 20:44 3259

Елбасы Н.Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында қазір елімізде орын алып жатқан жағдайдың күрделі екеніндігін атап өтті. Десе де, ауызбірлік пен төзімділіктің сыналар сәті де осы екендігін жасырмады.

Пандемия деп жарияланған күннен бастап елімізде сақтық шаралары күшейтіліп, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Төтенше жағдай кезінде үйде отырған тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетіп жүрген қамқор азаматтарымыздан бөлек, қала өнерпаздары да әлеуметтік желілер арқылы өз өнерлерін ортаға салуда.

Сондықтан, үйде болуымыз қажет, құқық қорғау органдарының әрекеттеріне және төтенше жағдай кезіндегі азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шектеулерге түсіністікпен қарауымыз керек деп есептеймін.

Ең бастысы, отбасымен бірге болып, тазалық шараларын ұстансақ қана дертті ауыздықтай аламыз.

Денсаулық – басты байлығымыз екенін ұмытпайық. Дені сау адам ғана ақ жаулық пен он саулықты бола алатынын ескеріңіздер.

Әр адамның қауіпсіздігі ең алдымен өз қолында екені баршаңызға аян. Осы ретте, өңірімізде енгізілген шектеу шараларын қатаң ұстануға шақырамын.

Отанымыздың амандығын, ұлтымыздың саулығын өз отбасымыздан бастайық.

Т.МАҚАШОВ,

Қызылорда қалалық мәслихат депутаты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: