Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдардың сапасы жақсарып келеді

18.08.2022, 16:00 399

HALYQLINE.KZ Биыл өңірде автожолдар мен көпірлерді жөндеуге 18,4 миллиард теңге қаржы бөлінді. Соның ішінде, республикалық, облыстық және қала мен аудандық маңыздағы жолдардың 347 шақырымына асфальт төсеу қарастырылған. Жалпы қыруар қаржыға салынатын жолдардың сапасы қаншалықты талапқа сай болмақ?

Бұл бағытта «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ мамандары соңғы үш жылға талдау жүргізіп, оң өзгерістер бар екенін бағамдады. Мәселен, 2020 жылы облыс аумағындағы жолдардан алынған сынамалардың 55 пайызы талапқа сай болмаса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 35 пайызды құраған. Ал биыл жарты жылдықтың ішінде жол құрылыс материалдарының 18 пайызы белгілі нормаға сай еместігі анықталған. Яғни, аймақта жолдардың сапасы жыл өткен сайын жақсарып келеді деген сөз. Орталық мамандары биыл анықталған олқылықтарды түзету бойынша тапсырыс берушілерге ұсыныстар жіберіп, жол салушы мердігер мекемелер 50 миллион теңгенің асфальтін екінші қайтара төсеп, қайта қалыпқа келтірді. Әзірге, облыс аумағында жолдарды жаңғырту бойынша жоспарланған жұмыстардың 50 пайыздан астамы атқарылып отыр.

Нұржан Бекжігітов,

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ инженері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: