Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қиындықты көп болып еңсереміз

10.04.2020, 19:14 382

«Бірінші байлық – денсаулық». Осынау қағида қашанда маңызын жойған емес. Әсіресе, коронавирус індетінің жұмыр әлемді алаңдатып отырған қазіргідей кезеңде адамзат үшін денсаулығының мықты болуы басты тақырыпқа айналды.. Өкінішке қарай, аты жаман кесел біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Десе де, мемлекет басшысынан бастап аймақ, аудан әкімдері, тұтас жұрт індетке қарсы күрес шараларын қарқынды қолға алуда.

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде «Коронавирус індетінің әлемнің 200-дей мемлекетіне тарап, 1 миллионнан аса адамның жұқтырғаны, күннен-күнге жұқтыру қапінің күшейгені, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермеу үшін төтенше жағдай жарияланғаны, соған орай қауіпті кеселге қарсы нақты жұмыстар атқару туралы тапсырмалар берілгені» айтылған болатын.

Мемлекет басшы берген тапсырмаларды жүзеге асыру бағытында Қазалы ауданында да бірқатар жұмыстар  жүргізілуде. Мұндай көрініс өзім 21-ші аймақ  дәрігері болып жұмыс істейтін «Жетес би» ауылдық емханасында да жалғасын табуда.

Коронавирус індетінің өршуіне байланысты ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері мен аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының бірлесіп бекіткен қаулысы негізінде жұмыс істеп жатырмыз. «Жетес би» ауылдық емханасына қарасты он аймақ  бар. Оларды шағын учаскілерге бөліп, қалыптасқан жағдайға байланысты сырттан келген студенттер мен қонақтарды, шетел азаматтарын анықтау үшін үй аралау жұмыстары жүргізілуде. 31 наурыздағы мәліметке сүйенсек, он аймақ бойынша 364 аула араланып, 2267 адам қаралды. Оның ішінде сырттан келген студенттер 52, Алматы, Нұр-Сұлтан, өзге де қалалардан 37 адам, ал Өзбекстаннан 4 адам келгені анықталды. Бұл азаматтарға мейіркештер мен дәрігерлер үй жағдайында көмек көрсетуде. Оларға індеттің алдын алуға бағытталған сақтық шаралары түсіндірілді. Құдай бетін аулақ қылсын, коронавирус белгілері анықталған жағдайда емханаға келмей тікелей ішке хабарласып, үй жағдайында оқшаулап, инфекционистпен ақылдасып, әрі қарай жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызу немесе үй жағдайында емдеу шараларын шешу қарастырылуда.

Кез келген қиындықты ұлыс болып ұйысып, көп болып еңсеретініміз кәміл.

Мерей Жанғабылов,

«Жетес би» ауылдық емханасының №21 аймақ дәрігері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: