Қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік ортасын қалыптастыру мақсатында «Әділдікті талап ет!» науқаны басталды. Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда. Республикалық ауқымды іс-шараға Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әділдік жолы» РҚБ Қызылорда облысы филиалының басшысы Ляззат Бақтыбаева мәлімдеді.
– Бірінші кезеңде автожол саласындағы мәселелерге тоқталып, жолдарды салу, жөндеу және күтіп-ұстау барысындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтауға назар аударылады. Азаматтар науқанға Adildik.kz веб-сайты арқылы қосылып, 1463 Call center бойынша Қазақстан автожолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау саласындағы жемқорлық туралы ақпаратты 15 тамыздан бастап хабарлай алады. Түскен барлық ақпарат қалың жұртшылықты жұмылдыра отырып, жергілікті және республикалық «Әділдік кеңесі» атты кеңестерінде талқыланады. Сонымен қатар, салалық нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында және уәкілетті органдарға сындарлы ұсыныстар беріледі, – деді Л.Шайзадақызы.
Айта кетейік, науқан қорытындысы жыл аяғында өтетін жемқорлыққа қарсы форумда жарияланып, белсенді қатысқан азаматтар «Әділдік жауынгері» мәртебесіне ие болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!