HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы ПД-ң Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құқықтық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында «Арай-Sunrise» лагерінде демалып жатқан жасөспірімдермен кездесу өткізді.
Кездесу аясында балалармен есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес есірткіге байланысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді. Полиция қызметкерлері оқушыларға есірткінің қаншалықты зиян екенін, тіпті адам өліміне дейін әкеліп соғатынын жеткізе білді.
Есірткімен күресушілер осы күнге дейін өткізіліп жатқан іс-шаралар, оны сатып алу көздерін анықтау аясында жүргізілген рейдтік жұмыстары туралы айтып берді. Кинологтар жарылғыш заттардың, есірткінің орналасқан жерін иіс арқылы анықтайтын қызметтік иттердің жұмысымен таныстырды.
Шара барысында балалар дайындаған қойылымдар мен плакаттарды ұсынып, есірткі және психотроптық заттардың зияны туралы пікірлерін білдірді. Кездесу соңында балалар сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!