Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Медиация – дау шешудің ең тиімді жолы

06.08.2022, 9:00 322

HALYQLINE.KZ Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Медиация күніне орай облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасында «Медиация – дау шешудің ең тиімді жолы» тақырыбында кездесу іс-шарасы болып өтті.

Іс-шараға облыстық ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің төрайымы, кәсіби тренер-медиатор Ләззат Бақтыбаева, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, медиация кабинетінің үйлестірушісі Ш.Абдраманова қатысып, өңірдегі медиация саласы мен қоғамдық келісімді сақтау жайында сөз сөйледі.

«Медиацияның тетіктерін ұтымды пайдалана білсек, қызметте, қоғамда орын алатын дауларды екі тарапқа да оңтайлы реттесек, ішкі бірлікті бекемдей аламыз, – деді Ләззат Бақтыбаева.

Қоғамдағы медиацияның рөлі мен тиімді тұстары жайлы сөз еткен Ш.Абдраманова кез-келген дауды сотқа дейін медиаторлар көмегімен шешу жолдарын айта кетті.

Кездесу соңында қызметкерлер тақырып бойынша сұрақтарын қойып, пікіралмасумен жалғасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: