Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазпошта» қызметкерлері қазақстандықтардың шоттарынан 294 млн теңге ұрлаған

29.07.2022, 8:55 319

HALYQLINE.KZ

Елорданың аудандық соты «Қазпошта» АҚ қызметкерлерін 294 миллион теңге ұрлағаны үшін соттады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотымен Б., Ж., Д. және Л. 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталған. Олар «Қазпошта» АҚ-нын жалпы сомасы 294 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі ақша қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған», – делінген хабарламада.

Қылмыс жасаған пошта қызметкерлері азаматтарға екінші деңгейлі банктерде шот ашуды ұсынған. Кейін алаяқтар 10-100 мың теңгеге банк карталарын сатып алып, деректерді хакерлерге берген. Осылайша, олар ақшаны «Қазпошта» сайты және жалған IP мекенжайлар арқылы есептен шығарып отырған.

«Анықталмаған тұлғалар «Қазпочта» АҚ филиалдарының шалғай бөлімшелеріне қоңырау шалып, оларға өздерін бас кеңсенің IT бөлімінің қызметкеріміз деп таныстарған. Сөйтіп, төлем жүйесін баптау немесе жаңарту секілді сылтаумен бөлімше операторларын алдап, оларға нұсқауларын орындата отырып, қаражатын есептен шығару бойынша заңсыз операциялар жүргізген», – деді сот қызметкерлері.

Содан кейін олар ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаны алу үшін басқа шоттарға жіберген, ақшаның бір бөлігі карточкалық шоттардан қолма-қол шешіліп алынған, ал екінші бөлігі криптовалютаны белгісіз тұлғалардың криптокошелькаларына аудару арқылы сатып алуға бағытталған.

«Қазпошта» АҚ залалды өндіріп алу үшін азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдаған.

Үкім заңды күшіне енді.

Дереккөз: 7kun.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: