HALYQLINE.KZ Қызылордалық полицейлер автошеру ұйымдастырды. Автошеру «Пәтер ұрлықтарының алдын алу мен бөтен мүліктің қауіпсіздігін сақтауда күзет қызметін пайдалану қылмысты болдырмаудың бірден-бір амалы» тақырыбында ұйымдастырылды. Жеке үйлер мен пәтерлердің және нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған авто шеру тиісті деңгейде өтті.
Іс-шараның барысында «Арай-2» мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің тұрғындары мен сол аумақта орналасқан нысан иелеріне жеке күзет ұйымдарының тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылды. Сонымен қатар, халықтың күзет-дабыл қондырғыларын орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары бойынша Тәкей батыр, Н.Назарбаев даңғылы, Абай даңғылы, Ғ.Мұратбаев көшесімен Сол жағалауда орналасқан көпқабатты үйлердің ауласы аралығында автошеру өткізілді.
Өткізілген іс-шара арқылы қызылордалық полицейлер тұрғындарды пәтер ұрлықтары мен бөтен мүліктің қауіпсіздігін сақтаудың алдын алу шарттарын үнемі сақтап жүруін ескертті.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!