Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айтыскер ақын есірткі тасымалдаған ба?

09.04.2020, 11:32 1042

HALYQLINE.KZ –| «WhatsApp мессенджерінде танымал айтыскер ақын әрі әнші Аян Сейітовті іздеу жұмыстары жүріп жатқаны туралы хабарлама таралып кетті» деп жазады KAZ.NUR.KZ сайты.

Бағыттама мәтінінде Сейітовтің есірткі затын заңсыз иеленіп, сақтап, халық денсаулығына қатысты қылмыстық теріс қылық жасағаны жазылған.

Аян Сейітовті іздеу жұмыстарына арналған бағыттаманы Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімі таратқан.

«Аян Сейітов Арал ауданынан таксиге отырып, Ақтөбе қаласына қарай жол тартқан кезінде ұсталды. Ол күдікті көрінген соң, полицейлер тексеру жүргізген. Тексеру барысында Аяннан 975,62 грамм марихуана табылды. Ол алдымен Сексеуіл ауылына келіп, кейін Аралдан Ақтөбеге бет алған болатын. Бұл қылмыстық теріс қылық саналады. Сол себепті, оны қамауға рұқсат жоқ. Тек қолхатпен босаттық. Бұл қаңтар айында болған оқиға. Кейін Аян Сейітов 24 ақпан күні өтетін сотқа келген жоқ. Өз еркімен келмеген соң, біз іздеу жұмыстарын бастап, бағыттама жариялап жатырмыз», – дейді Арал аудандық полиция бөлімінің мамандары.

Бағыттамада Аян Сейітовтің қызыл түсті курткасы, қара түсті шалбары және қара түсті етігі бары жазылған. Бойы – 175-180 сантиметр, шашы қара түсті, қалың, дене бітімі арықша келген.

Айта кетелік, Аян Сейітов халыққа айтыскер ақын ретінде танылды. Кейін әншілікке бет бұрған оның «Ауылым» атты әні елге кеңінен таралды. Сондай-ақ, ол Төреғали Төреәлі, Қайнар Алагөзов және Құрал Молжановпен бірге «Достығымыз жарасқан» атты концерт өткізген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: