Боямасыз
Ауыл мен қала арасына қатынайтын автобуста келемін.
Шопырға біреу телефон соқты. Автобусым бұзылып келе жатыр деген сыңайлы.
Біздің шопыр:
— Тах-тах, тах-тах, тах етіп келе жатыр ма? — деді арғы жақтағы адамға. Мяя, күшті келтіреді ше темірдің дауысын. Арғы жақтағы кісі бірдеңе деді.
— Блиин, сол, тах-тах, тах-тах етіп менікі де, — деді біздің жүргізуші.
Арғы жақ тағы бірдеңе айтты.
— Тах-тах, тах-тах ете беред деп заявка бердің бе енді? — деді біздікі. Жауабын өзі біледі енді.
— Сол ғой, тах-тах, тах-тах етіп тақылдай береді, — деді сосын.
Опшым, жұмысқа тақылдап келеміз.
Абайлаңыздар, көпшілік жерде, қоғамдық көлікте тамақ жыртылғынша айқайлап сөйлеспеңіздер. Түсіп кеткенше телефонмен сөйлесетіндерге де, үйіндегі ұрыс-керісін үтір-нүктесімен қоса айтып отыратындарға да құлаққағыс. Әйтпесе Сіздерді де осылай қосып жіберіп, тақылдап кетуім мүмкін.
Нұржамал ӘЛІШЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!