Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі егіс алқабына барды

24.06.2022, 9:30 215

HALYQLINE.KZ Аймақ басшысы тұрғындармен кездескен сайын азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін әр ауылдың мүмкіндігіне қарай көкөніс және бақша өнімдерін өндіру үшін бос жатқан жерлерді икемдеп, егін егуге ынталы азаматтарға бөліп беру қажеттігін айтып келеді. Облыс әкімінің тапсырмасы негізінде бұл жұмыстар барлық ауданда іске асырылуда. Мәселен, Арал ауданында 70,5 гектар жерге қосымша егін егілген.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ескіұра елді мекеніне арнайы барып, егістік жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы ауыл тұрғындарына ризашылығын білдіріп, бұл шараның азық-түлікке сұраныстың көлемін айтарлықтай төмендететінін тілге тиек етті. Елді мекендегі 10 отбасы 11,5 гектарды құрайтын егістік алқабына 3 гектар картоп, 4 гектар жаңа жоңышқа, 1,2 гектар көкөніс, 3,3 гектар бақша дақылдарын еккен.

Облыс әкімі қазіргі кезде егісті әртараптандырудың маңызды екенін және әр ауылдың өзіндік ерекшелігін ескере келе, өнімділікті көбейту қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, арналарға су жеткізу, насос қондырғыларын уақытылы алу мәселесін жеделдетуді тапсырды.

Айта кету керек, биыл егіншілік саласына 4,3 млрд.теңге, мал шаруашылығын субсидиялауға 4 млрд теңге қаржы қаралды. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында мал басы санында өсім бар. Мәселен, Арал ауданында ет 103,3%, сүт 102,1%, мал басы 100-105% аралығында өсті. Ендігі кезекте мал өнімдерін өндірумен бірге оны терең өңдеуге ерекше мән берілмек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: