Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жіңішкеқұм ауылындағы апатты мектептің мәселесі шешілді

23.06.2022, 9:50 418

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Арал ауданына сапары барысында Жіңішкеқұм ауылында орналасқан №248 орта мектебіне барды. Ғимарат облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен салынып, 2015 жылы пайдалануға берілген. Дегенмен, 140 орындық мектеп екі жыл бұрын «NTDK Group» ЖШС-ның техникалық қорытындысына сәйкес техникалық жай-күйі апаттық жағдайда деп танылған.

Мектептің спорт залы жарамсыз күйге еніп, бірнеше бөлмелердің қабырғалары жарылған. Апатты деп танылған білім ошағының жағдайымен танысқан аймақ басшысы мердігерге құрылысты сапалы әрі жыл аяғына дейін аяқтауды тапсырды.

– Мектеп құрылысының салынғанына небәрі 6 жыл болғанына қарамастан, қазіргі күйі балалардың білім алуына қауіп төндіріп тұр. Бұл мәселені жеке инвестор арқылы шештік, жаңа мектеп құрылысын бастаймыз, – деді облыс әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: