HALYQLINE.KZ –| Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес төтенше жағдай режимі кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау қатаң бақылауға алынды.
Стратегиялық маңызы бар объектілерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Адамдар көп жиналатын орындардың, түрлі қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды.
Ойын-сауық, спорттық және басқа да iс-шараларды өткiзуге тыйым салынды.
Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында қосымша Ұлттық гвардия сарбаздары жұмылдырылды.
Төтенше жағдай кезеңі жарияланғаннан бастап облысымызда қылмыстылық ахуал тұрақты.
Төтенше жағдай жарияланған 16 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін барлығы 341 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 43%-ға азайған (603/341).
Оның ішінде меншікке қарсы жасалатын қылмыстар 65%-ға төмендеген, яғни ұрлық 60%-ға, тонау 20%-ға, қарақшылық 50%-ға төмендесе, қоғамдық орындарда жасалатын бұзақылық қылмыстары 67%-ға азайған.
Зорлау және ауыр дене жарақатын салу қылмыстары тіркелмеген.
Басты мақсат – төтенше жағдай кезеңінде қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу.
Қызылорда облысының прокуратурасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!