Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кент әкімдігінің қызметкерлерімен кездесу өтті

31.05.2022, 10:30 404

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлықа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-тің Қызылорда облыстық филиалының жетекшісінің қатысуымен Талсуат ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері және әкімдікке қарасты мекеме басшыларымен кездесу өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшi мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың басшылары өздеріне бағынысты мекеме басшыларын тағайындау кезінде олардан активтері мен міндеттері туралы декларация қабылдауы шарт екенін түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-тің  Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі өз сөзінде, азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін, оның ішінде адал, лайықты мемлекеттік қызметшілердің өнегелерін кеңінен жазып-көрсету арқылы нығайту мәселелеріне басты назар аударуды ұсынды.

Кездесу барысында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауаптар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: