Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақпараттық технологиялардың сотта дамуы

07.04.2020, 10:06 585

HALYQLINE.KZ –| Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті өзінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауыда әлемнің Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанын атап айтқан болатын.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс екеніне баса назар аударды..

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының сот жүйесінде «Төрелік» ақпараттық жүйесі қолданылысқа ие. Бұл – жүйені қолданудың негізгі мақсаты, ол соттар алдында тұрған барлық функционалдық мақсаттаға қол жеткізумен тығыз байланысты. Бағдарламада Электрондық азаматтық істерге көшу және электрондық сот залын құру секілді іс-шаралар жоспары қарастырылған. Сот жүйесін цифрландыру бағытындағы реформаларының мәні тәуелсіз сот төрелігіне сенім арттыру мен сот жүйесінің тек ғана азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, заңдылықты қатаң сақтауға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Сот төрелігі бүгінде мүмкіндігінше ашық, жария түрде жүзеге асырылуда. Бұл – бағытта жасалынып отырған үлкен қадам, ол сот отырыстарын дыбыс, бейне жазба құрылғыларын қолдану арқылы жүргізу. Халықпен жұмыс істеудегі перспективасы зор ақпараттық сервис – ол «Сот кабинеті» сервисі.

«Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы сервис арқылы сотқа ұсынып, істің қозғалысын қадағалап отыруға болады. Бұл қызмет аясында жаңа заман талабына сай дыбыс-бейнежазбаны енгізіп, сот отырысының электронды хаттамасы қалыптастырылады. Жасалған хаттаманы сот отырысының қатысушылары ғаламтор арқылы «Сот кабинетінен» көруіне болады. Пайдаланушының қалаған уақытында сот құжаттарын қарауға, іс бойынша сот актілерін басып шығарып алуына мүмкіндігі бар.

Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізеді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің максималды ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді.

Руслан АЛИБЕКОВ,

Қызылорда қалалық сотының бас маманы,

сот отырысының хатшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: